$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы облысында 11-сынып оқушылары отырған көлік баланы қағып кеткен

AstanaTV
13.05.2026ж. 19:00
Алматы облысында 11-сынып оқушылары отырған көлік баланы қағып кеткен

Алматы облысында 11-сынып оқушылары мінген көлік баланы қағып кетті. Оқиғаның мән-жайы әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін белгілі болды. Зардап шеккен жасөспірімнің отбасы оқиғадан кейін оған ата-анасына хабарласуға мүмкіндік бермегенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ешкімге айтпауын талап етіп, қорқытқан көрінеді. Кейін оқушыны мұғалімге апарып, оны мопед қағып кетті деп хабарлапты. Жергілікті әкімдік көлікте бес кәмелетке толмаған жасөспірім болғанын растады. Олардың ата-аналары екі бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.