$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан мен Түркияның агроөнеркәсіп кешеніндегі тауар айналымы 360 млн долларға жуықтады

14.05.2026ж. 14:43
Қазақстан мен Түркияның агроөнеркәсіп кешеніндегі тауар айналымы 360 млн долларға жуықтады
фото: Ақорда

Бұл туралы Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысында айтылды.Қасым-Жомарт Тоқаев Tiryaki Agro қолға алған глютен мен крахмал өндірісін, Alarko Holding салып жатқан жылыжай кешенін мысалға келтірді. Түркия тарапына Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын жандандыру жөнінде 2026-2028 жылдарға арналған жол картасын қабылдау ұсынылды.

Мемлекет басшысы бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне өзге елдердің қызығушылығы артып келе жатқанына тоқталып, түрік компанияларын Құрық, Ақтау порттары арқылы жүк тасымалын ұлғайтуды көздейтін жобаларға белсенді атсалысуға шақырды.