$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбе облысы Темір ауданына жаңа аурухана керек

AstanaTV
14.05.2026ж. 19:00
Ақтөбе облысы Темір ауданына жаңа аурухана керек

Ақтөбе облысы Темір ауданының тұрғындары бірнеше жылдан бері жаңа аурухана салуды сұрап келеді. Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған ғимарат тозып тұр. Осы және өзге де  мәселелерді Шұбарқұдық пен Қопа ауылының жұрты «АМАNАТ» партиясының Республикалық мобильді қоғамдық қабылдауында жеткізді.

Темір ауданында 34 000 нан астам халық бар. Оның 14 мыңы аудан орталығнда. Көгілдір отын да, су да бар, көшелері жарық. Бірақ тұрғындардың жанайқайына айналған жалғыз мәселе-аурухана.

ҚАНЗИЯ ЕТЕГЕНОВА, АУДАН ТҰРҒЫНЫ:

Көне больница, көне, туалеттері нашар, мықты деген, МРТ жоқ түсе қояйық десек, сондай жаңа больница салып ауылымызға, ауданымызға көмектессе.

БАБАТАЙ САЛИМАНОВ, АУДАН ТҰРҒЫНЫ:

Жылма-жыл айтылады: осындай поликлиника саламыз, жаңағы больница салып береміз деп. Бірақ әлі бір қозғалмай тұр. Міне, «Аманат» партиясының өкілі келді, соған да кіріп сол жағдайымды айтып шықтым.

54 жыл бұрын салынған ғимарат   заман талабына сай емес. Палаталар тар, құрал-жабдықтары мен төсек-орны ескі. Лифт, пандусы болмағандықтан ауыр науқасты жаяу көтеруге мәжбүр. Жаңа аурухана салу туралы мәселе 2019 жылы көтерілген.  Жер де бөлінген. Жобалылқ-сметалық құжаты да дайын. Бірақ құрылыс әлі басталар емес. Аурухана басшылығы келер жылы мәселе шешіледі дейді.

МҰХТАР ҚОЯНБАЕВ, ТЕМІР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

2-этажды стационар бөлімі поликлиникаға жапсарлас қылып салынады деп жоспарланып отыр. Сондықтан 60 койкілік, мұның бәрі уже облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысымен келісіпі, сол шешілді. 

Партия өкілдері қазіргі  мәселенің расында күрделі екенін көрді. Назарға алмақ.

ЕРМҰХАММЕД ЖҰМАБЕК , «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ескі аурухана 1972 жылы салынған. Өзі аудан сол жылы ашылған екен, сол жылы салынған. Өте енді авариялық жағдайға жақындап қалған. Шешу жолдарын қарастырамыз.

Мобильді қоғамдық қабылдау Қопа ауылы мен Қарғалы ауданында да өтті. Биыл  4 айда ел бойынша 34 мыңға жуық өтініш түсіп, оның 58 пайызы шешімін тапқан.