$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Биіктігі 6 метр болатын алып сәукеле жұртшылық назарына ұсынылды

Биіктігі 6 метр болатын алып сәукеле жұртшылық назарына ұсынылды

Елордада «AMANAT» партиясының жанынан Әйелдер қанаты құрылды. «Сарайшық» ауданында ашылған жаңа филиал нәзік жандылардың басын қосып, ортақ жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Салтанатты іс-шараға қоғам белсенділері, журналистер мен түрлі саланың майталмандары қатысты. Енді бұл орталық әйелдердің бастамаларына қолдау білдіретін негізгі алаңға айналмақ.

САЛТАНАТ ДЖЕНАЛАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әртүрлі сала өкілдері, олар, білім саласы, денсаулық саласы, кәсіпкерлер осы еліміздің, елордамыздың  дамуына жейжай қарамайтын  белсенді, беделді азаматшаларымыз.

Бұл бастама Түркістан облысында ұлттық нақышта жалғасын тапты. Шардарада өткен «Аналар аманаты» шеруінде биіктігі 6 метрлік алып Сәукеле жұртшылық назарына ұсынылды. 31 түркі халқының оюымен безендірілген бұл жәдігер әлемдік рекордтар кітабына енген.  500-ден астам ақ жаулықты ана мен жас ару қатысқан шеру қазақ қызының қадірін арттырып, ұлттық тәрбиені дәріптеуді көздейді.

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Әйелдер қанатының бір қанатын алып жүретін осы ақ кимешекті, қасиетті әжелеріміз. Бүгін аналар аманатын сәукеле арқылы әлемг жеткізіп жатқан аналарымыз гиннес кітабына еніп отыр.