$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Таразда дәстүрлі "Таза бейсенбі" акциясы жалғасты

AstanaTV
14.05.2026ж. 19:00
Таразда дәстүрлі "Таза бейсенбі" акциясы жалғасты

Таразда «AMANAT» партиясының өкілдері «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы аясында әуежай маңына кең көлемде тазалық жұмыстарын жүргізді. Бірер күн бұрын қала тұрғындары партияның облыстық филиалына бұл жасыл желекті аумақ қоқыс тастайтын орынға айналып барады деп шағымданған. Осы мәселені назарға алған аманаттықтар  жұмысқа  дереу кірісті. 150-ге жуық партия мүшесі, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері және «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Нәтижесінде табиғат аясы мал өлекселерінен, көліктің жарамсыз бөлшектері мен тұрмыстық күл-қоқыстан тазартылып, 4 тоннаға жуық қоқыс арнайы техникалардың көмегімен шығарылды. Алдағы уақытта бұл жер бақылауға алынып, таза ұстау бойынша тиісті мекемелерге ұсыныстар берілмек.

УАЛИХАН БОЛАТБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тазалық сақтау - басты парызымыз деп ойлаймын. Өйткені «Таза Қазақстан"акциясы бұл тек қана үлкен ұрандар емес бұл қолмен іспен көрсететін жұмыстар. Соның бір мақсаты әр бейсенбі сайын біз осындай акцияларды ұйымдастырамыз.