$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трамп: «Иран билігінің ақыл-естері сау емес»

Трамп: «Иран билігінің ақыл-естері сау емес»

АҚШ пен Қытай  басшылары біраз түйткілді мәселелер бойынша келісімге келді. Өзара сауда жақсарады деп жарыса жазғандар көп. Тіпті, Иран бойынша да уағдаластық бар деген пікір айтылуда. АҚШ Президентінің тарихи сапары туралы Еркелді Тілеуқұл толығырақ баяндайды.

Трамп Қытайға сапар алдында алдына қойған мақсаттардың барлығына жетті. Сарапшылардың басым бөлігі осындай тоқтамға келіп отыр. Себебі, Си Цзиньпиньмен келіссөздерден кейін, сауда-саттық жайында көптеген шарттар жасалды. Иран мәселесі де осы жиындарда аз талқыланбаған секілді.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Төраға Си екеуіміздің Иранға көзқарасымыз бірдей. Екеуіміз де бұл режимнің көзін жойғымыз келеді. Ормуз бұғазы ашық болып, Иран ядролық қару туралы мүлдем ойланбағанын қалаймыз. Олардың ақыл-естері сау емес. Бұндай жындылармен мен күреспесем, кім күреседі?

Қытай басшысы Трамптың уәждеріне көнгендей әсер қалдырды. Десе де, АҚШ Президентінің тариф саясатын аз-кем сынады.

СИ ЦЗИНЬПИНЬ, ҚХР ТӨРАҒАСЫ:

Біздің қарым-қатынастарымыз бүкіл әлемге әсер етеді. Ал, экономикаларымыз жаһанның күретамыры. Екі ел тату болса, барша ғаламшар пайда көрмесе, зиянын көрмейді. Сондықтан, адамзаттың мүддесі үшін тең құқылы әріптестікті нығайта түскеніміз жөн.

Кешегі Қытай басшысының сес көрсетуінен кейін, екі күнге созылған Трамптың сапары тыныш өрбіп жатты. Алайда, тыныштықты Марко Рубио бұзды. Мемлекеттік хатшының айтуынша, АҚШ Қытайдың агрессиялық саясатына жол бере алмайды.

МАРКО РУБИО, АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Қытай билігі Тайвань мәселесін енді көтерді деп көпшілік ойлап қалған шығар. Дегенмен, екі ел лауазымды тұлғаларының әр кездесуінде арал тағдыры сөз болып жатады. Мен Президент Трамптың алдын орпа сөйлегім келмейді. Бірақ, Қытайдың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы агрессиялық әрекеттерін біз көрмей-білмей жүр десе, қателеседі. Әлбетте, оған біз қол қусырып қарап отырмаймыз. Жалпы, Қытай біздің деңгейге жетіп, ықпалымызға қарсы күрескісі келеді.

Бұл сапардың ерекшелігі – Трампты күтіп алғанда ғана емес, шығарып салғанда да ерекше салтанатты шаралар өткізілді. АҚШ Президенті қоштасқысы келмей, ұзақ қол бұлғап тұрды.