Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Астанада жол ережесін сақтамаған 224 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

AstanaTV
05.02.2018ж. 20:00
2442
Астанада жол ережесін сақтамаған 224 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Астанада жол ережесін сақтамаған 224 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Бұл туралы ІІД Жергілікті полиция қызметінің өкілі мәлімдеді. Жалпы, Елордада «Сергек» камералары іске қосылғалы бері, түрлі бұзушылықтарға жол бергендер 242 млн айыппұл арқалаған. Биыл жыл басынан бері 1 580 құқық бұзушылық тіркелді. Оған кінәлі азаматтарға 9 млн теңге айыппұл салынған. 

Бақытжан Малыбаев, Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:

«Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені іске қосылғалы бері жол-көлік оқиғаларының саны азайды. Сондай-ақ апатты жағдайларды болдырмау мақсатында "Қауіпсіз жол","Құқықтық тәртіп", «Мас жүргізуші» сияқты  бірнеше жедел  алдын алу шаралары өткізілді. 

Қазір Астанада 105 реттелмеген жаяу жүргіншілер жолы бар. Биылғы жылдың соңына дейін 57 учаскеге бағдаршам орнатылу жоспарланған. Еске салсақ, жыл басталғалы Астанада 28 жол-көлік оқиғасы орын алып, 5 адам көз жұмған.