Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шымкентте бастауыш партия ұйымының мүшелері білім сапасын сөз етті

AstanaTV
05.02.2018ж. 20:00
2491
Шымкентте бастауыш партия ұйымының мүшелері білім сапасын сөз етті

Сапалы білім беру жайы Шымкентте өткен «Нұр Отан» партиясының мүшелері бас қосқан жиында талқыланды.  Әлеуметтік-инновациялық университеттің бастауыш партия ұйымы өткізген кеңес "Жаңғырудың негізі - адами капиталды дамыту" тақырыбын қамтыған. Жоғары оқу орны 36 мамандық бойынша жастарға білім береді. Президент Жолдауындағы білім саласына қатысты басымдықтар сөз болды. Студенттер мен педагогтар үштілділік, латын қарпіне көшу жайына да назар аударды. 

Әшірбек Тұрдалин, «Нұр Отан» партиясы Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Білікті мамандар болмаса, ол міндеттерді жүзеге асыру оңайлыққа түспейді. Адами капитал мәселесінде біз тиісті жоғары нәтижелерге жетсек, онда Елбасы алға қойған міндеттерді де абыроймен орындап шығамыз ғой деп ойлаймыз.