Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

FIFA-ның алтын кубогі Алматыға жеткізілді

AstanaTV
05.02.2018ж. 20:00
2793
FIFA-ның алтын кубогі Алматыға жеткізілді

Алматыға халықаралық футбол федерациясының кубогы жеткізілді. Әлем чемпионатының «алтын тәжі» саналатын құнды дүние қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде тәулік бойы сақталды. FIFA кубогі футболдан әр төрт жыл сайын өтетін чемпионат алдында дүниежүзін аралап шығады. Қазақстан Орта Азия елдері арасында бірінші болып алтын трофейді қарсы алды. Енді ол Қырғызстан астанасына жол тартады. Кубок 51 мемлекетті аралап өтіп, әлемнің 91 қаласына аялдайды да, жазда әлем чемпионаты өтетін ел - Ресейге жеткізіледі. Халықаралық футбол федерациясының алтын кубогын 1998 жылғы әлем чемпионы, даңқты футболшы Кристиан Карамбе алып келді.

Кристиан Карамбе, футболдан әлем чемпионы:

Бүгін қазақстандық футбол сүйер қауым үшін мереке. Біз әлемнің 9 қаласында болдық. Сапарымызды ары қарай жалғастырмас бұрын, алтын кубокты көріп қалғысы келетін азаматтарға әлі де мүмкіндік бар.

Ришат Асқарбекұлы