Солтүстік Қазақстан облысындағы көпқабатты үйлердің үштен бірі ғана басқарудың жаңа форматына көшкен. Мүлік иелерінің бірлестіктері мен Пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары тап болатын кадр тапшылығы мен жүйелі қиындықтар «AMANAT» партиясының Петропавлда өткен «TURGYNDAR AMANATY» өңірлік форумында талқыланды. Жиынға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен «AMANAT» партиясының Хатшысы Александр Данилов қатысты. Бүгінде өңірдегі екі мыңға жуық көпқабатты үйдің тозуы және жөндеу жұмыстарына қаржы жинаудың төмендігі өзекті мәселе болып отыр. Партия бұл бағытта тұрғындарды оқыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру және әкімдіктермен байланысты күшейту арқылы басқару жүйесін ашық әрі тиімді етуді жоспарлауда.
АЛЕКСАНДР ДАНИЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Мүлік иелерінің бірлестіктері мен Пәтер иелері кооперитивтерінің төрағалары күн сайын тұрғындармен тікелей жұмыс істеп, олардың мәселелерін нақты біледі. Сондықтан партия бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді, атап айтқанда оқыту бағдарламаларын ұйымдастыруды, қалалық кеңестер құруды және әкімдіктермен өзара іс-қимылды кеңейтуді жоспарлап отыр. Біздің басты міндетіміз – тұрғын үйлерді басқару жүйесін кәсіби, ашық және тиімді ету.