$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елордада фотосуретші Оспан Әлидің көрмесі өтті

Елордада фотосуретші Оспан Әлидің көрмесі өтті

Қазақтың болмысын, тұрмысын сурет арқылы сөйлете білген өнер иесінің көрмесі Елордада есігін айқара ашты. Белгілі фотосуретші Оспан Әли «Қыр жүзі» деген ерекше тақырыпта өткен  шығармашылық кешінде таңдаулы 13 туындысын көпшілікке көрсетті. Оның ішінде 1 жастан 100 жасқа дейінгі адам бейнесі мен Арал проблемасына назар аудартатын суреттер  бар. Автордың айтуынша, бұл өнерге немқұрайлы қарауға болмайды.

ОСПАН ӘЛИ, ФОТОСУРЕТШІ:

Көп жағдайда фотограф деген кезде адамдар қатты мән беріп жатпайды. Бірақ, бізде көптеген фотографтар коммерциялық жұмыстан бөлек, өнер адамы ретінде біздің болмысымызды бір кадр арқылы біздің әлемімізді сездіретін шығарма жасайтын санаулы суретшілеріміз бар. Сол себепті осы саламен астаналық ортаны таныстыру мақсатым болды.