$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда «ECO PLOGGING» экологиялық акциясы өтті

Атырауда  «ECO PLOGGING» экологиялық акциясы өтті

Атырауда  «ECO PLOGGING» экологиялық акциясы өтті. 50-ге тарта белсенді жас жас Жайық өзені жағасын тазалады. Сұлтан Бейбарыс алаңынан бастап жаяу жүргіншілер көпіріне дейінгі аумақты қоқыстан тып-типыл етті.  Акцияның  өзге тазалық шарасынан ерекшелігі  қатысушылар қоқыс қалдықтарын жүгіріп жүріп  жинайды. Экологиялық бастаманы  «Жастар» ресурстық орталығы ұйымдастырды.  Осы арқылы  тазалықты, қоршаған ортаға қамқорлықты  өскелең ұрпақтың  күнделікті өмір дағысына айналдыруды көздейміз,- дейді олар.

МАНСИЯ САҒИДОЛЛАҚЫЗЫ, «ЖАСТАР» РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл ең алғашқы рет өткізіліп жатқаннан кейін акцияға мектеп оқушылары жән естуденттерді алып жатырмыз.  Бұл акцияның негізгі мақсаты экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастардың бойындағы салауатты өмір салтын  қалыптастыру, оны насихаттау, жүгіріп жүріп қоқыстарды жинау айналадағы экологияны таза ұстауға бағытталады.