$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алаяқ 13 адамға туристік жолдама ұсынып, 20 млн теңге жымқырған

19.05.2026ж. 12:11
Алаяқ 13 адамға туристік жолдама ұсынып, 20 млн теңге жымқырған
Фото: pixabay

Шығыс Қазақстан Облысының тұрғыны «Travel the world» туристік фирмасын құрған және әлеуметтік желілерде БАӘ, Египет пен Түркияға ерте брондау бағдарламасы бойынша тиімді бағамен туристік жолдамалар сатылатыны туралы жарнамалар жариялаған.

Ол алаяқтық жолмен 13 жәбірленушінің жалпы сомасы 20 млн теңге ақшалай қаражатын жымқырған.

Сот оны аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық қылмысы үшін кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Апелляциялық сатыдағы сот оған «Рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданып, жазаны 4 жылға дейін қысқартқан.

Сот актісінің заңдылығын тексеру барысында рақымшылық заңының дұрыс қолданылмағаны анықталды.

Прокурордың кассациялық наразылығы бойынша апелляциялық сатының қаулысы өзгертілді. Бас бостандығынан айыру мерзімі 5 жылға ұлғайтылды.

Азаматтарға әлеуметтік желілер арқылы туристік жолдамалар сатып алу кезінде сақ болу ұсынылады.