$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Үкімет басшысы Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстер ашуды тапсырды

19.05.2026ж. 12:36
Үкімет басшысы Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстер ашуды тапсырды
Фото: pixabay

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов авиация саласын дамыту және халықаралық әуе қатынасын кеңейту еліміздің одан әрі экономикалық өсуі үшін маңызды жағдай болып отырғанын атап өтті.

- Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) стратегиялық жоспарына сәйкес, 2050 жылға қарай жолаушылар саны   жылына 12 миллиардтан асады, ал коммерциялық ұшақтардың әлемдік паркі   2034-ші жылға қарай екі есеге артады. Мұндай жағдайда біз   әлемдік авиацияның жаһандық жүйесіне ене отырып,   өз орнымызды иеленуіміз керек. Жаңа халықаралық бағыттарды,   атап айтқанда Еуропалық одақ елдері мен АҚШ-қа   рейстер ашу жұмысын жеделдету қажет. Бұл ретте, билет бағасы   бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Әсіресе, Астанадан ұшатын   халықаралық әуе бағыттарына   ерекше назар аударған жөн, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар халықаралық маршруттық желіні кеңейтуге баса назар аударылды.

Осыған орай Көлік министрлігіне Air Astana компаниясымен бірге осы жылдың соңына дейін   елордамыздан Токио мен Нью-Йоркке, ал 2027 жылы – Астанадан Лондон, Париж, Рим, Вена сияқты Еуропа елдерінің астаналары мен басқа да қалаларына тікелей әуе қатынастарын ашу тапсырылды.

- Инвесторлар мен туристерді тартамыз десек, бұл –  өте маңызды мәселе, — деп атап өтті Премьер-министр.