Жұмада фермерлер одағының съезінде одақ президенті Әуезхан Дәрінов мынадай дерек келтірді: 2015 жылдың 11 айында еліміз сырттан 3 млрд долларға азық-түлік сатып алған. Оның ішінде 135 млн ет және ет өнімдеріне, 140 млн қантқа, 35 млн сүт және сүт өнімдеріне, 28 млн май және өсімдік майларына. Аграрлы ел бола тұра азық-түлікпен өзімізді өзіміз қамтамасыз ете алмауымыздың себебін ол қаржыландырудың аздығы, бюрократия мен коррупцияның кесірінен деп түсіндірген. Менің ойымша бюрократия мен коррупцияны атаса, жеткілікті. Әйтпесе ресми ақпаратқа қарасақ, қаржы аз бөлініп жатқан жоқ. Қаржының жетпейтіні «шелектің ортасына дейін қағазбен толтырылатында»...
«Біздің уақытты»
«astanatv.kz» сайтынан көріп, оқи аласыздар. Келесі сенбіде жүздескенше!