Денесіне ыстық үтік басып, шырпымен күйдірген, суға тұншықтырған. Қызының шашын алып тастап, аузына қыздырылған шанышқы басқан. Туған перзентіне аяусыздықпен қатыгездік танытқан шымкенттік әйел 5 жарым жылға сотталды.
Биыл қаңтар айында әлеуметтік желіні шарлап, бүкіл қазақстандықтардың жағасын ұстатқан сұмдық жағдай балалар мектепке баруды тоқтатқаннан кейін әшкереленген еді. Алаңдаған ұстаздар үйіне іздеп барып, қорлықтың үстінен түскен. Балалардың жасы 8-де және 11-де. Оқиға кезінде олардың әкесі өзге елде жұмыста болған көрінеді. Сотталушы бұл жантүршігерлік әрекетке ақшаның жоқтығынан бардым деп ақталды.
СОТТАЛУШЫ:
Аффект жағдайында болғанмын. Көзіме ештеңе көрінбей. Мені бір тиынсыз... күйеуім Францияға кетіп қалды. Тамақ жоқ. Үйде газ жоқ. Солардың кесірінен мен қатты ашуға берілдім. Соттың үкімімен келіспеймін, тым қатал жаза.