$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордалық Нұрия Орынбаева қызының өмірі үшін алаңдайды

Қызылордалық Нұрия Орынбаева қызының өмірі үшін алаңдайды

Қызылордалық Нұрия Орынбаева қызының өмірі үшін алаңдайды. 14 жастағы Аяулымға церебралды сал ауруы диагнозы қойылған. Бұрындары өздігімен отыратын еді, қазір жағдайы күннен – күнге нашарлап барады дейді. Себебі екі бүйрегіне тас жиналып, солып қалған көрінеді.  Толық тексеру қортындыларын көрген шетелдік дәрігерлер Аяулымға шұғыл ота жасауды ұсынған. Алайда жалғызбасты ананың оған шамасы келмейді. Қызының көз алдында солып бара жатқанына жүрегі езілген Нұрияның бар үміті қайырымды жандарда. 

НҰРИЯ ОРЫНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Түрция елінде баладан тасты алуға 57 млн теңге деп тұр операция құнын, Барселонада 87 млн деп тұр. Ол бүйректе тасты алмаса болмайды деп тұр. Кіші дәретке шығу қиын, диализге бала салмағы сәйкес келмейді дейді. Ол кісілер тез арада келіңіздер деп тұр. Қазақ елінен көмек сұраймын. Қызымды шетелге апаруға көмектессе деген үмітпен.

Тел: +776 850 85 07