Алматыда «AMANAT» партиясының «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында партия Хатшысы Александр Данилов пен Мәжіліс депутаттары студенттермен кездесті. Ашық диалог алаңында мемлекеттік жастар саясаты, жастар бастамаларын қолдау, ғылым мен технологияларды дамыту, сондай-ақ жас буынның қоғамдық-саяси өмірге қатысуы мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысының бәсекеге қабілетті әрі технологиялық дамыған мемлекет құрудағы бастамаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Онда жастарға маңызды рөл берілгені атап өтілді.
АЛЕКСАНДР ДАНИЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енеді. Бұл -қоғамдық әрі саяси өмірді түбегейлі өзгертетін ауқымды процесс. Сондықтан «AMANAT» партиясы үшін жастардың саясатқа жақын болуы, оған қатысуы, өз идеяларын жүзеге асыруы және елде не болып жатқанын нақты түсінуі өте маңызды. Сол себепті партиямыздың «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастыратын «Bir Tolqynda» жобасының жаңа маусымы дәл осы мақсатқа қызмет етеді.