Шымкентте «AMANAT» партиясы жанындағы Саяси менеджмент академиясының кезекті модульдік оқу семинары басталды. Үш күнге созылатын іс-шараға өңірдегі мәслихат депутаттары мен партия белсенділерінен құралған 100-ге жуық адам қатысуда. Жобаның мақсаты - заманауи басқару тәсілдерін меңгерген, халықтың сұранысына жедел жауап бере алатын кәсіби кадрларды даярлау. Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар жергілікті деңгейде шешім қабылдау сапасын арттыратын жеке даму жоспарларын әзірлейді.
ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Бірінші этапта базалық оқу, яғни, жаңа бағдарламалар, заңдар, өзгерген өзгерістер, олардың механизмдері, және оларды қалай іске асыруға болады жолдарын соны үйрететін боламыз. Содан кейін базалық оқу біткеннен кейін әр бір азамат қаншалықты соны деңгейде меңгерді сол бойынша тест тапсырады. Тест тапсырып болғаннан кейін, егерде 50 пайыздан жоғары бал алған болатын болса, әр бір азамат өзінің проектісін жасайды.
ЕРГЕН ЕРЖАППАРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:
«AMANAT» партиясы тұсындағы академия бар. Сол академияның ұйымдастыруымен жергілікті депутаттар тиісті басшылар құрамында шақыруымен және де кеңес басшыларының қатысуымен дәрістер өткізіп жатыр, сабақтар өткізіп жатыр.