Павлодарда «Ерекше күтім, ерекше қолдау» атты пилоттық жоба басталды. Оны «AMANAT» партиясының облыстық филиалы қолға алған. Жобаның мақсаты -ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау және қоғамда инклюзивті мәдениет қалыптастыру. Осы мақсатқа орай өткен іс-шараға 28 ұйым қатысты. Олардың ішінде дәрігерлер, заңгерлер, психолог мамандар және мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Мамандар ерекше балалардың ата-аналары тарапынан туындаған сауалдарға жауап беріп, қажетті көмек көрсетті. Бұл алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
“AMANAT” партиясының “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында “Ерекше күтім, ерекше қолдау” пилоттық жобасын ашып отырмыз. Бұл жоба аясында мүгедектігі бар және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар осы жерге жиналып, осы алаңда 28 мемлекеттік органдар медициналық мекемелер, одан басқа депутаттар, қоғам өкілдері басқа адамдар келіп, қоғамдық қабылдау өткізіп, сол адамдардың мәселелерін қарастырып, ол кісілерге қандай қолдау тетіктері бар осы мәселерді қарастыру үшін осы жерде бас қосып отырмыз.