$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Таразда «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасы тоқтаусыз жүріп жатыр

AstanaTV
20.05.2026ж. 19:00
Таразда «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасы тоқтаусыз жүріп жатыр

Таразда «Таза Қазақстан»  экологиялық іс-шарасы тоқтаусыз жүріп жатыр. Белсенділер бұған дейін аулаларды тазартса, бүгін  Талас өзенінің бойындағы қоқыстарды жинады. Өзеннің бойы шашылған шыны мен полиэтилен пакеттен көз сүрінеді. Жыл басынан бері облыстық «Жастар ресурстық орталығы» 40 қа жуық іс-шара өткізіп, оған барлығы 20 мыңнан аса адам қатысқан.  Биыл  4 айда  10 тоннадан көп қоқыс жиналды.

АҚӘДІЛ РИНАТ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Тазалық жалпы табалдырықтан басталады. Өзінің ауласына немқұрайлы қарайтын азаматтарда айналаға да солай қарайды. Бүгін міне осында Талас өзеніндегі қоқыстарға қарап, осы қоқыстарды жинау барысында көріп жатырмыз. Енді барша азаматтарды осы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосып, тазалық ол өзіміздің эколгиямызға Қазақстанымыздың көгелдануына үлкен септігін тигізеді.