$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды
Фото: freepik.com

Мәжіліс депутаттары бастамашы болған Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжат Конституция мен «Конституциялық Сот туралы» Конституциялық заң нормаларын іске асыруға бағытталған.

Заң жобасы аясында Салық кодексіне бір палаталы Парламент – Құрылтайды және Қазақстан Халық кеңесін құруға байланысты түзетулер енгізу көзделген. Сонымен қатар, конституциялық заңнан ұқсас нормаларды алып тастау және азаматтардың Конституциялық сотқа жолданым беруі кезінде мемлекеттік бажды алып тастау қарастырылған.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Берік Бейсенғалиев құжатта құқықтық реттеудің мазмұнын өзгертпей, бірқатар норманы техникалық тұрғыдан нақтылау және біріздендіру ұсынылғанын айтты.

«Атап айтқанда, «шетелдік» терминін «шетелдік азамат» ұғымымен алмастыру, «тенге» атауын «теңге» нұсқасына сәйкестендіру, сондай-ақ аумақ атауларын жазу тәртібін астанаға басымдық беру қағидатымен реттеу көзделіп отыр. Бұдан бөлек, салық заңнамасындағы институционалдық атауларды жаңа конституциялық модельге сәйкестендіру жоспарланған», – деді ол.