Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Данэлия Тулешова «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының «Жыл таңдауы» номинациясына ие болды

AstanaTV
05.02.2018ж. 20:00
3017
Данэлия Тулешова «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының «Жыл таңдауы» номинациясына ие болды

Астанада «Халықтың сүйіктісі» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. 2011-ші жылдан бері өтіп келе жатқан марапат ел арасында аса танымал. Биылғы «Жыл таңдауы» номинациясын Украинада өткен «Бала дауысы» жобасының жеңімпазы Данэлия Тулешова иемденді. Негізгі 15 номинацияға 150 үміткер қатысыпты. Тағы 20 лауреат таңдап алынған. Үздік спортшы атағын Фируза Шарипова мен Қанат Ислам алды.  «Үздік кино қайраткері» атауы Ақан Сатаевқа берілді. Ал Еуразия құрлығында бейбітшілік пен ынтымақтастықты сақтауға қосқан зор үлесі үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразияның дана күші» номинациясына лайық деп танылды.

Ғалым Байтұқ,  «Халықтың сүйіктісі» жобасының авторы:

Бірінші рет халықаралық номинацияны ұсындық. Оған Елбасы лайық деп танылды. Лауреатты Еуразияның теле және радио академиясы, яғни ресейлік және украиналық қонақтарымыз таңдаған.