Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астанадағы Сирия келіссөзі ақпанның 20-сына таман өтеді - СІМ

AstanaTV
06.02.2018ж. 20:00
1923
Астанадағы Сирия келіссөзі ақпанның 20-сына таман өтеді - СІМ

Астанада Сирия келіссөзі ақпанның 20-сы кезінде болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрі хабарлады. Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, Ресей, Түркия мен Иран, бұрын келіскендей, Астана процесінің 9-шы раундына әзірленіп жатыр. Әзірге келіссөз ақпанның нақты қай күні өтетіні белгісіз. 

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Қалыптасқан дәстүр бойынша бойынша гарант ел өкілдері өзара келер апта раундының күн тәртібін талқылап жатыр. Бізге мәлімдеме берген соң, біз сіздерге жариялаймыз.

Ресей мен Иран президенті Астана форматын дамытуға дайын. Сирия ұлттық диалогы конгресінің қорытындысын телефон арқылы талқылаған Путин мен Рухани, Астана форматының тиімділігін атап, күн тәртібіне жаңа нақты тақырыптарды енгізуге әзір екенін хабарлады, - деп жазды Кремльдің баспасөз қызметі.