$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шахтинск қаласында өрт кезінде жасөспірім тірідей жанып кетті

21.05.2026ж. 19:00
Шахтинск қаласында өрт кезінде  жасөспірім тірідей жанып кетті

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында гаражда шыққан от салдарынан 17-дегі  жасөспірім тірідей өртеніп кетті. Тағы екі бала  зардап шеккен. Алдын ала болжам бойынша оқушылар мотоциклді жанармаймен толтыру үшін металл ыдыстағы бензинді пластик құтыға құйған. Сол сәтте бензин буы тұтанып,  жалын шарпыған. Жасөспірім  құтқарушылар келгенше көз жұмған. Оның мәйіті өрт сөндіру кезінде табылды.  Күйік шалған екі бала қазір ауруханада, жағдайлары орташа ауыр.

ЕЛДОС ЗИЯДА, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Өрттің жалпы ауданы 20 шаршы метрді қүрады. Өрт сөндіру кезінде гараждың ішінде 2008 жылы туылған жасөспірімнің күйген мәйіті табылды. Және де 2008,2009 жылдары туылған жасөспірімдер ауруханаға жеткізілді. Бұл факт бойынша ТЖД қылмыстық іс қозғады.