$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде ойын алаңында 11 жастағы бала ауыр жарақат алды

Ақтөбеде ойын алаңында 11 жастағы бала ауыр жарақат алды

Ақтөбеде ойын алаңында 11 жастағы бала ауыр жарақат алды. Сыртқа шығып тұрған темір жеткіншектің сан етін жұлып кеткен.  Тұрғындардың айтуынша, балалары алаңы сапасыз салынған. Қазір әкімдік мердігермен соттасып жатқан көрінеді.

11 жастағы Әмір әдеттегідей ойын алаңыда асыр салып жүрген. Бір сәтте сүрініп кетіп, орындықтың астынан шығып тұрған үшкір темірге құлапты. 

ДАНАРА ДӘРІШЕВА, АПАСЫ:

Інім аяғымен құлайды, денесімен құлайды, аяғы жарақаттанады. Мына аяғы ойылып қалады, екіге айырылып қалады,ананы көру енді ,енді көргенмен былай жеткізу мүмкін емес. 

Дәрігердің айтуынша, бала ауруханаға ауыр жарақатпен жеткізілген.  Оған шұғыл түрде операция жасалған. 

ӘКІМЖАН ӘУБӘКІРОВ, КӨПСАЛАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Алғашқы хирургиялық өңдеу жасап балаға, тігіс салынып, сақтандыру түтікшелері салынған. Қазіргі таңда жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Бала емін алуда.

Әмірдің әкесінің айтуынша, бұл балалар алаңы әу бастан сапасыз салынған. Кей жерлерде темірлер шығып тұрғанын олар бірнеше рет ескертіпті. Ойын алаңы 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында салынған. Алайда экспертизадан өтпеген. Әкімдік нысанды өз балансына алмаған. Қазір бұл мәселе сотта қаралып жатыр.

ЖӘДІГЕР БАЛТАБАЙ, АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ТКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Жоғары соттың шешімін күтеміз. Жоғары соттың шешімі қалай болады егер қанағаттандырмаса біз мердігер мекемеге жаңағы элементтерді қауіп төніп тұрған, сапасыз орнатылған элементтерді демонтаждап, алып тастауды міндеттейміз.

Демонтаждан кейін қайта жобалық сметалық құжаттама дайындалып, жаңа ойын алаңы салынбақ. Оған дейін ешкім ештеңе істей алмайды.  Ал ата-аналар «ертең тағы бір бала зардап шекпесіне кім кепіл?» деп алаңдап отыр.