$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордада «Цифрлық дәлелдер мен алгоритмдер: тергеу тәжірибесінің болашағы» атты тергеушілер форумы өтті

Қызылордада «Цифрлық дәлелдер мен алгоритмдер: тергеу тәжірибесінің болашағы» атты тергеушілер форумы өтті

Қылмыстық процесті цифрландыру -  заман талабы. Әрі ашықтық пен уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл Қызылордада өткен тергеушілер форумында айтылды.  

«Цифрлық дәлелдер мен алгоритмдер: тергеу  тәжірибесінің болашағы» дейді форумға қатысушылар. Сондықтан қылмыстық процесті электронды форматта жүргізу заман талабы ғана емес, жұмысты жүйелі жүзеге асыру үшін маңызды. Ол бір жағынан әділ, әрі жедел шешім қабылдауға оң ықпал етеді.

РИЗАБЕК ОЖАРОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ:

Маңызы ең біріншіден тергеу істерін, қылмыстық істердің созбалаңға айналмауға. Екіншіден Конституциялық құқытарын қорғауға азамттардың. Дереу қылмыстық, процесуалдық шшешімдер қабылданатын болады. Заңды қабылданатын болады. Және тергеудің сапасын қамтамасыз етеміз.

Саладағы тергеу жұмыстары 2010 жылдан бастап электронды форматқа кезең кезеңімен өтіп келеді. Алайда оны заман талабына сай жетілдіріп отыру маңызды. Сондықтан мұндай форумдар біз үшін тәжірибе алаңы дейді тергеушілер.

Форум тергеу саласындағы ашықтық пен цифрландыруға негізделген. Сол бойынша әрбір құзырлы орган өздерінің ортақ ойларын ортаға салып, сол бойынша жалпылама келешекте жүзеге асыратын жоба асыруға өз ұсыныстарын, ұстанымдарын білдіреді. Тергеушілер форумы сонысымен артық, сонысымен өз пайдасын тигізеді деп ойлаймын.

Тергеушілер форумы 3 жыл қатарынан дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Онда көтерілген әрбір ұсыныс пен саладағы мәселелер ескерусіз қалмайды.