$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында тұрғын үй мәселесі талқыланды

AstanaTV
21.05.2026ж. 19:00
Алматыда «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында тұрғын үй мәселесі талқыланды

«AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында  Алматыда  форум өтті. Бұл жолы қаланың ең ірі аудандарының бірі - Бостандық ауданындағы тұрғын үйлердің жайы сөз болды. 2025 жылға дейін 362 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен, биыл 23  үй партияның  сайлауалды бағдарламасымен жаңартылмақ.  Қалада фронт-кеңсе ресми түрде ашылды.

ТЫНЫШҚАЛИ СӘБЕН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жоба аясында біз бұл сала өкілдерінің оқыту жұмыстарын жүргіземіз, мәслихат депутаттарының есеп беруі, тұрғындармен ынтымақтастықты арттыру, «Таза Қазақстан», «Халық қатысатын бюджет» тұрғындардың бағдарламаларға шарттарын түсіндіру, жобаларды әзірлеуге әдістемелік көмек көрсету деген сияқты. Сонымен қатар, біз аталмыш жоба аясында байқаулар жүзеге асырамыз.