$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи мұрасы дәріптеліп, ішкі туризмді дамыту жайы талқыланды

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи мұрасы дәріптеліп, ішкі туризмді дамыту жайы талқыланды

«TURKISTAN – 2026: Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу және ішкі туризмді дамыту». Түркі жұртының рухани астанасында  облыстық мәслихат пен Қазақстан мәслихаттарының депутаттары бірлестігінің  ұйымдастыруымен ауқымды конференция өтті.

Түркістан соңғы жылдары түркі әлемінің рухани астанасы ретіндегі тарихи мәртебесін жаңа мазмұнда жаңғыртып келе жатыр. Көне шаһар күннен күнге көркеюде.

ГҮЛНӘР ТОЙЛЫБАЕВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақстанның қай аймағында болсын біздің көрсетуге және әрі қарай дамытуға болатын байлығымыз,  көркем жерлеріміз,  мәдени рухани мұраларымыз, табиғи байлықтарымыз жеткілікті. Сондықтан да сол дүниені біз қазір халыққа кеңінен таратуымыз керек.

Ясауи мұрасы  тарихи немесе діни құндылық ретінде ғана емес, түркі халықтарының ортақ мәдени кодын біріктіретін өркениеттік негіз ретінде бағаланады. Жиналғандар осылай дейді.

ДОСАЙ КЕНЖЕТАЕВ, Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ ДІНТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ, ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ТЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Дәріптеуіміз керек, білдіруіміз керек. Тек қана бренд ретінде қалдырмай процестерге енгізу керек, оқу процестеріне, әсіресе мектепке енгізілу керек.

Түркістанға туристер тек зиярат жасауға ғана келіп- кетпеуі керек. Туризмді барынша кең ауқымда дамыту қажет. Былтыр қалаға 1 млн-ға жуық турист келген. 

ҚАНАТ ҚАЙЫПБЕК ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Туристерге жаңа бағыттарды таныстыру бойынша көптеген жоспарлар қабылданып жатыр. Концепциясы бар. Соның бірі ретінде айту керек, мынау көне Түркістан аумағынан қолөнершілер орталығы бой көтерді. Бұл да бір жаңа локация деп есептейміз. Біздің мақсатымыз соны жан-жақты саралап, соны барлық елдерге жеткізу. Түркістанды тек қана өзіміздің елімізге емес, сонымен қатар басқа да шет елдерге кеңінен таныстыру.

Былтыр Түркістанға 1,7 трлн теңге инвестиция тартылған.   Оның басым бөлігі шетелден түскен.