«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы Мемлекет басшысының бастамасына қолдау көрсетті. «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында «Таза бейсенбі» іс-шарасы ұйымдастырылды. Оған партия филиалы қызметкерлерінен өзге 100-ге жуық ерікті жас атсалысты. Олар қала іргесіндегі Тасбөгет кенті аумағындағы Байқадам каналының бойын тазалады.
ЖАНДОС БАЗАРТАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Сенбі күндермен қатар біз арнайы республикамыз бойынша партиямыздың бастамасымен бейсенбі күнді арнайы «Таза бейсенбі» деп алып партияластарымызбен қатар, қаланың тұрғындарымен бірлесе абаттандыру, көркейту, тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл өте маңызды, себебі әрбір тазалық, әрбір адамның өзінің отбасынан, үй жағынан ауласынан, қаласынан басталу керек.