Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қызылорда облысында өзен арнасынан шығып, ауыл шаруашылық алқаптарына жайылды

AstanaTV
06.02.2018ж. 20:00
5171
Қызылорда облысында өзен арнасынан шығып, ауыл шаруашылық алқаптарына жайылды

Қызылорда облысының Сырдария ауданында төтенше жағдай жарияланды. Өзен арнасынан асып, су ауыл шаруашылығы алқаптарына жайылды. Алдын алу жұмыстарының күшейтілгеніне қарамастан, Қалжан ахун ауылы маңындағы қорғаныс бөгеті жарылған. Мамандардың айтуынша, қазір Сырдарияға жоғарыдан секундына 400 текшеметр су құйылып жатыр, бұл қауіпті емес. Шарипа Сақтапова тарқатады.

Шарипа Сақтапова, тілші:

Қорғаныс бөгетін су жеті жерден жырып өткен. Қазір Қалжан ахун ауылынан бес жарым шақырым жерде. Су екі мың гектардан астам жерді басты. Оның 500 гектары - күріш алқабы. Осыған орай Сырдария ауданында төтенше жағдай жарияланған.

Өзен суы бөгетті 29-шы қаңтарда жеті жерден жарып өткен. Қауіпті аймақтан бүгінде барлық мал шығарылған. 60 адам 16 арнайы техникамен апатпен күресіп жатыр. Десе де 1300 метр бұзылған жерді жамау әлі күнге дейін мүмкін болмай тұр. Мамандар мұз бөгеттің жамалған жерлерін қайта бұзып, әбігерге салып жатқанын айтады.

Ғабит Жаңабаев, Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары:

Аудан бойынша төтенше жағдай жарияланып, облыс әкімі төтенше жағдайлар комиссиясын өткізді бұл мәселе бойынша. Облыс бойынша 1274 шақырым Дария өзені бойында орналасса, соның 1 111 километрінде қазір мұз қалыптасып тұр. 20 сантимерден 60 сантимерге дейін мұз тұр. Астында 2-2,5 метр кұр жүріп жатыр мұздың астында. Осы кептеліс тудыртып жатыр. Сол кептеліс тудыртқан кезде артық су көтеріліп, су жайылу мәселелері болып жатқаны рас облыс бойынша.

Дегенмен, жергілікті атқамінерлер бөгетті 2-3 күнде қалпына келтіреміз деп отыр. Көктемде егістік алқаптардан суды айдап шықапақшы. Облыс жоғары дайындық тәртібіне көшті. Қазір шығын келмейтіндей жұмыс жасалып жатыр.

Шарипа Сақтапова, тілші:

Ал синоптиктер ауа райы күн сайына жылына түсетінін болжап отыр. Алдағы демалыс күндері тіпті ауа температурасы 0 градус болмақ.

Шарипа САҚТАПОВА