22 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді.
Астанада күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +13…+15°C. Топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік жүреді.
Алматыда күн құбылмалы, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +20…+22°C.
Шымкентте күн құбылмалы, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғуы мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +25…+27°C.
Ақтауда күн құбылмалы, түнде және таңертең жаңбыр жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +25…+27°C.
Ақтөбеде күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +20…+22°C.
Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл болып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +28…+30°C.
Жезқазғанда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C.
Қарағандыда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз, жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +13…+15°C.
Көкшетауда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +15…+17°C. Топырақ бетінде -1°C-қа дейін үсік жүреді.
Қонаевта күн құбылмалы, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +22…+24°C.
Қостанайда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +19…+21°C.
Қызылордада күн құбылмалы, жауын-шашынсыз, шаңды дауыл күтіледі, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.
Павлодарда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +12…+14°C.
Петропавлда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде 1…3°C үсік жүреді, күндіз ауа температурасы +17…+19°C болады.
Семейде күн құбылмалы, түнде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +13…+15°C.
Талдықорғанда күн құбылмалы, таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +23…+25°C.
Таразда күн құбылмалы, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +21…+23°C.
Түркістанда күн құбылмалы, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C.
Оралда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C.
Өскеменде күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +13…+15°C.