№ 19, 52 бағдарлардың қозғалыс маршруты уақытша өзгерді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді.
Ал кеше № 19, 28, 52, 66 бағдарлардың қозғалыс бағыты уақытша өзгерген еді.
Керей Жәнібек хандары көшесінің Ә. Бөкейхан көшесінен Ш. Мұртаза көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, 21-25 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс тоқтайды.