$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елге келген шетелдіктерге талап өзгерді

22.05.2026ж. 14:25
Елге келген шетелдіктерге талап өзгерді
Фото: pixabay

ІІМ заңсыз миграцияға қарсы жаңа шараларды атады.

Шетел азаматтарының елде заңды негізде жүргені тиімді болуы керек.

Егер заңбұзушылық болса, тиісті айыппұлдар мен санкциялар қолданылады. Бұл қайталанатын құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін қажет, - деді ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Саид Латипов.

Саид Латипов шетел азаматтарының тіркелген мекенжай бойынша тұруы міндетті екенін еске салды.

Бұл талап уақытша және тұрақты тұратын азаматтардың барлығына қатысты. Ал Қазақстан азаматтары шетелдіктер келген жағдайда үш тәулік ішінде бұл туралы хабарлауы тиіс, - деді комитет өкілі.

Оның айтуынша, қазір тіркеу жүйесін жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр.

Шетел азаматтарына өз мәртебесін, қай жерде жүргенін және келу мақсатын көрсету үшін 30 күн беріледі. Бұл - жеткілікті мерзім, - деді Саид Латипов.

Сонымен қатар ол Қазақстанда профилактикалық тексерулер ай сайын жүргізілетінін айтты.

Бұл шаралар шетел азаматтарының елге кіруі мен Қазақстан аумағында болу тәртібін бақылауға бағытталған, - деді комитет төрағасының орынбасары.