Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанның 2050 жылға қарай 1 млн тонна бал өндіруге мүмкіндігі бар

AstanaTV
06.02.2018ж. 20:00
3578
Қазақстанның 2050 жылға қарай 1 млн тонна бал өндіруге мүмкіндігі бар

2050 жылға қарай Қазақстан нарығы өзімізде өндірілетін ара балымен толық қамтамасыз етіледі. Ол шамамен 1 млн тоннаға дейін жететін болады. Елдің ұлттық бал арасын өсірушілер одағы осындай мақсат қойып отыр. Ең ірі бал өндірісін қолға алған бұрынғы премьер-министр Сергей Терещенконың айтуынша, қазір Қазақстанда 10 мың тоннадан астам бал өндіріліп, ішкі нарыққа сатылады. Қазір ел аумағында 5 млн гектар жер сор болып, ауыл шаруашылық мақсатына жарамай жатыр. Мамандар осы аумақтарды игеру үшін қош иісті түйе бұршақ өсімдігін егуді қолға алмақ. Бұл дәнді дақыл бал арасының өнім беруіне таптырмайтын өсімдік. Бал арасын баптаушылар одағы Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай өңірлерінде алдағы жылдары аталған жоңышқаны егуді қолға алмақшы. Оның нәтижесі көп ұзамай елдегі ауыл шаруашылығы саласына серпін береді, дейді аграрлар.

Сергей Терещенко, Қазақстан ұлттық ара өсірушілер одағының президенті:

Егер Қазақстанда бір миллион тонна бал өндірілсе, бұл бүкіл ТМД аумағын қамтиды. Біз қазір осындай бағдарламаны әзірлеп қойдық. Біздің есебімізше, мұндай межеге шамамен 2050 жылы жетуге болады. Оның бір киллограммы 10 АҚШ доллары болса, 10 млрд доллар ішкі өнім болып есептелер еді. Біздің өнімді Қытайдың нарығы сатып алады. Ары қарай үнді, араб нарығы да алыс емес.