Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қадағалайтын мемлекеттік орган құрылуы мүмкін

AstanaTV
06.02.2018ж. 20:00
3018
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қадағалайтын мемлекеттік орган құрылуы мүмкін

Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қадағалайтын мемлекеттік орган құрылуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі Үкімет отырысында осындай ұсыныспен шықты. Мекеме азық-түлік сапасын бақылау қызметін өз мойнына алуға әзір. Ауыз су, балалар тамағы, био-қоспалардан бөлек, бар азық-түлікті фермадан дастарханға жеткенше жіті тексеруге дайынбыз деді. Ішкі нарық сапасыз импорт өнімдерінен қорғалмаған. Вице-министр мұздалған құс етін мысалға келтірді.

Арман Евниев,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

Әлсіз бақылау салдарынан мұндай өнімдер отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Мемлекеттік қолдаудың барлық түрін тиімсіз етеді. Сондықтан бақылау тиімділігін арттыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан құзіретті бірыңғай орган құру ұсыналды.

Жеңіс Қасымбектің мәліметінше, бүгінде 78 теxникалық регламенттің ішінде тек 54-і бойынша мемлекеттік бақылау жүргізіледі. Егер азық-түлік Ауыл шаруашылығына өтсе, Денсаулық сақтау министрлігі ойыншықтар, парфюмериялық тауарлар және тағы басқа өнімдерді қадағалайды. Ал Инвестициялар және даму министрлігі өнеркәсіп тауарларын бақылау міндетін атқарады. Алайда бірқатар мәселелерді әлі де талқылау қажет, дейді министр.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Мәселен, кіріс комитенің 2017-жылғы мәліметі бойынша өндірілген өнімнің 77 пайызы ғана талапқа сай келген. Осы орайда Қаржы министрлігімен бірлесе биылғы жылдың бірінші тоқсанында үш ортақ бұйрық шығару туралы шешім қабылданды.