$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарда салық департаменті мамандарының криптовалюта өндірумен айналысқаны дәлелсіз болып шықты

AstanaTV
06.02.2018ж. 20:00
3067
Қызылжарда салық департаменті мамандарының криптовалюта өндірумен айналысқаны дәлелсіз болып шықты

Қызылжарда салық департаменті мамандарының криптовалюта өндірумен айналысқаны дәлелсіз болып шықты. Бұл жайында біздің арна тілшілеріне аймақтағы мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдері хабарлады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті сала мамандары ақпараттық жүйе сервері арқылы электронды ақша тапқан деп күдіктенген еді. Ішкі тексеріс 23 күнге созылған. Алайда, тергеу барысында кіріс департаментінің компьютерлерінде электронды сауда-саттықты айғақтайтын материалдар табылмапты. Салық мекемесінің өкілдері тексерістен өткен мамандардың есімдерін жария етуден бас тартты.

Жаныл Қабдөшева, СҚО мемлекеттік кіріс департаменті басқарма басшысының міндетін атқарушы:

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Қылмыстық Кодексінің 210 бабы 2 бөліміне сәйкес қылмыстық іс ашып, қарашаның бірінде тексеріс жұмыстарын бастады. Криптовалюталардың өндірілгені дәлелденбегесін, Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 35 бабына сәйкес қарашаның 23-і күні қылмыстық іс жабылған болатын.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күдігіне Ақтөбе, Атырау мен Қарағанды облысындағы салық департаментінің мамандары да ілікті. Қауіпсіздік қызметі ақпаратты сұрыптау жылдамдығының азайғандығын криптовалюта өндірісімен байланыстырған еді.