«AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында ШЫмкент қаласында Республикалық мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тұрғындардың әлеуметтік, құқықтық және инфрақұрылымдық мәселелері тыңдалып, оларды шешу жолдары бойынша тиісті сала мамандары тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, жыл басынан бері Аманат партиясының қалалық және аудандық филиалдарында 3383 өтініш қаралып, оның 80 пайызы оң шешімін тапқан. Ал «Құқықтық көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған 17 мобильді қабылдауда 500-ге жуық азаматтың мәселесі қаралған.
ТАЛҒАТ БАЛТАБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгін Әл фараби ауданында Аманат партиясы қоғамдық қабылдау өткізіп жатыр. Қазір жыл басынан бастап, 37 қоғамдық қабылдау өткіздік. 37 қоғамдық қабылдауға 500ден астам азаматтың өтініш тілектері қаралды. Негізгі қазіргі таңда азаматтар өзекті мәселе ретінде инфрақұрылым мәселесі, жол мәселесі және әлеуметтік мәселелер бойынша кеп жатыр.
Қостанайда да мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Мемлекеттік органдар мен салалық басқарма өкілдері денсаулық сақтау, тұрғын үй қатынастары және әлеуметтік сала мәселелері бойынша өтініштерді қабылдады. Кейінгі екі жылда өңірде 100-ден астам көшпелі қабылдау өткізіліп, оған екі мыңнан астам адам қатысқан. Ал биыл жыл басынан бері облыс бойынша партияның қоғамдық қабылдауларына 1300-ден астам өтініш түсіп, оның 700-ден астамы оң шешімін тапқан.
СӘУЛЕ БҰЛТАЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ҚОФ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
AMANAT партиясының ҚОФ қоғамдық қабылдау бөлімі қазіргі таңда март сауда орталығында қоғамдық қабылдау жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, қоғамдық қабылдау бөлімі ірі кәсіпорындарында қабылдау жүргізіп жатыр.