$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда Family Park жер учаскесінің заңды әрі мақсатты пайдаланылуына қатысты «Жер Аманаты» комиссиясының отырысы өтті

AstanaTV
22.05.2026ж. 19:00
Алматыда Family Park жер учаскесінің заңды әрі мақсатты пайдаланылуына қатысты «Жер Аманаты» комиссиясының отырысы өтті

Алматыда Family Park жер учаскесінің заңды әрі мақсатты пайдаланылуына қатысты«AMANAT» партиясы жанындағы «Жер Аманаты» комиссиясының отырысы өтті. Басқосуға парк аумағындағы жерді пайдаланудағы заң бұзушылықтар мен тұрғындардың шағымдары себеп болған. Қала әкімінің тапсырмасымен жауапты мемлекеттік органдар өкілдері жиналды. Бұған дейін депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері жүргізген мониторинг нәтижесінде саябақ аумағында санитарлық жағдайдың нашарлығы, инфрақұрылымның тозуы және қауіпсіздікке қатысты бірқатар мәселе анықталған. Талқылауға прокуратура, жер ресурстары, полиция, төтенше жағдайлар және өзге де уәкілетті органдар қатысты. 

СТАНИСЛАВ КАНКУРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Тұрғындардың алаңдаулы  екенін  көріп отырмыз. Тексеру кезінде көп аттракционның ескіргені, тот басқаны және балалар үшін қауіпті екені анықталды. Парк ішінде мінез-құлқы күмән тудыратын адамдар да жүреді. Абаттандыру жұмыстары жүргізілмейді. Көгалдандыру көптен бері жасалмаған. Яғни, парк ішінде болу қауіпсіз емес. Тіпті бейнекамералардың өзі жерге қарап тұр, жұмыс істемейтіні анық.

ЕРЖАН ТАШПЕНБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Департамент тексеру жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықты анықтады. Аумағы 13 гектар болатын жер учаскесінің бастапқы берілу шешімі күшін жойғанына қарамастан, аумақ осы уақытқа дейін пайдаланылып келген. Алматы әкімдігі мен жер қатынастары басқармасына заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Орындау мерзімі – 2026 жылдың 25 мамыры. Талап – жалға беру келісімінің күшін жою және жерді мемлекет меншігіне қайтару.