$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Қарызсыз қоғам» жобасы миллиондаған азаматқа қолдау көрсетті

«Қарызсыз қоғам» жобасы миллиондаған азаматқа қолдау көрсетті

Қарыздан қалай құтылуға болады? Елімізде төрт жылдан астам нәтижелі жұмыс істеп келе жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасы миллиондаған  азаматтың қаржылық тығырықтан шығуына септігін тигізген. Бүгінде аталған орталыққа күніне 5 мыңға жуық қоңырау түседі. Жәрдем сұрап хабарласатындардың 60 пайыздан астамы  әйелдер көрінеді. Ал жоба аясында заңды көмектің 20-ға жуық түрі көрсетіледі. Тіпті, шоттары бұғатталып, айлығы мен жәрдемақысына қол жеткізе алмай қалғандардың да мәселесі осы жерде шешімін табуда.

АЯКӨЗ ҚАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Көп займдар алып кеттім, сөйтіп қарызға қатты кіріп кеттім. Сосын шоттарым арестке түсті. Жол көрсетіп отырды маған, қарызсыз қоғам Бір айдың ішінде шоттарымның бәрі ашылды ғой. Шыны керек, қазір менде барлығы жақсы. Қарызсыз қоғамға менің алғысым шексіз!

ОЛЖАС ОРДАБАЕВ, "ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ" ЖОБАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Былтыр осы жоба арқылы біз 860 мың адамға көмектестік. Оған қоса, адамдардың көбі онлайн түрде қаржылық сауаттылықтан сабақтар өтті. Контакт центрімізге күніне 5000-ға жуық адам хабарласады. Ең кем дегенде бес-алты несиесі бар адамдар бізге келеді.