$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Публицист, жазушы, сыншы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Әмірхан Меңдеке 70 жасқа толды

AstanaTV
22.05.2026ж. 19:00
Публицист, жазушы, сыншы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Әмірхан Меңдеке 70 жасқа толды

Алматыда публицист, жазушы, сыншы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Әмірхан Меңдекенің 70 жасқа толуына орай «Әдеби сын дискурсының трансформациясы: цифрлық мәдениет және медиа тәжірибе» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Сөз өнерінің салмағын саралап, әдеби сынның биігін қалыптастырған қаламгердің мерейтойы ғылыми орта басқосуына ұласты. Жиында әдебиеттанушылар, ғалымдар мен шәкірттері бас қосты. Қазақ Ұлттық Университеті қабырғасында ұзақ жылдар ұстаздық етіп, бірнеше буын маман тәрбиелеген сыншының ғылым мен әдебиетке сіңірген еңбегі ерекше аталды. Конференция барысында әріптестері мен зиялы қауым өкілдері құттықтау сөздерін оқып, шығармашылық жолына тоқталды. Университет тарапынан құрмет көрсетіліп, мерейтой иесіне арнайы марапаттар табысталды.

ОРАЛХАН ДӘУІТ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ “АҚ ЖОЛ “ ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

Әмірхан аға тағы да мынау Шер-ағаның ізін жалғаушы, әрі әйгілі Шерхан Мұртазаның шәкірті. Сол кісілермен, сол кісілердің мектебінен өткен.

Енді мен білетін Әмірхан аға, біз "Жас Алашта" бірге жұмыс істедік. Бас редактордың бірінші орынбасары болып ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Және де осы "Жас Алашта" жүріп, осы қазан, қазақ журналистикасында өзіндік бір қолтаңбасымен танылған, мынау кейінгі жастарға үлгі болған журналист.