$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мектеп бітіру кешін мейрамханада өткізуге тыйым салынды

23.05.2026ж. 10:09
Мектеп бітіру кешін мейрамханада өткізуге тыйым салынды
Фото: egemen.kz

Министрлік бұйрығына сәйкес салтанатты іс-шараларды мектептен тыс жерде өткізуге және осы мақсатта ақша жинауға тыйым салынған. Аттестат пен диплом тапсыру тек мектеп ішінде өтеді. Шешім қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін қабылданған.

Биыл 215 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді, ал 25 мамырда барлық мектепте «Білімім – Отаныма!» атты бірыңғай сынып сағаты өтеді.