Қысқы
олимпиада ойындары өтпек болып жатқан Пхенчханда ішек инфекциясы таралды.
Ұйымдастырушы комитет дереу арада күзет қызметін ауыстырып жатыр. Дертке себеп
- дереу тараған вирус болып табылған. Қазірдің өзінде он шақты адам ауру
жұқтырыпты. Қазір меншікті күзет агенттігінің 1200-ге жуық қызметкері кетіп,
орнына әскерилер келді. Енді ұйымдастырушылар су, азық-түлік сатылатын 18
ғимаратта залалсыздандыру жұмыстарын жүргізбек. Сондай-ақ Канвон
провинциясындағы барлық тұрғын үйлерде де осындай жұмыстар жүргізіледі деп
хабарлайды The Korea Herald. 4 жылдықтың басты додасы 9-шы - 25-ші ақпан
аралығында өтеді деп жоспарланған.