Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырауда бастауыш партия ұйымдарының ролі көтерілді

AstanaTV
06.02.2018ж. 20:00
4237
Атырауда бастауыш партия ұйымдарының ролі көтерілді

«Партияны жаңғырту процесіндегі бастауыш партия ұйымдарының ролі». Бұл мәселе бүгін «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы жанындағы «Жалын» бастауыш партия ұйымының жиынында сөз болды. Аталған ұйым өңірдегі политехникалық, агротехникалы және бизнес колледждерінің жанынан 2013-ші жылы құрылған. Олар партияның "Ардагерлерді ардақтайық", "Дипломмен ауылға", "Сәтті қадам" жобаларының жүзеге асуына ат саласып келеді. "Жалын" бастауыш партия ұйымның 300-ге жуық мүшесі бар, оның көпшілігі жастар. Сондықтан студент-жастар мәселесі де назардан тыс қалған емес, - дейді ұйым белсенділері. Бұл мақсатта үнемі қоғамдық қабылдау ұйымдастырып, студенттердің мәселесін шешуге жәрдемдесіп жүр.

Бақыт Шеркешбаева, "Нұр Отан" партиясы Атырау қалалық филиалы «Жалын» БПҰ төрайымы:

БПҰ негізгі жұмыстың бағыты: бұл партияның жаңғыру жұмыстарына байланысты. Біздер мамандарды даярлауда да күні кешегі Елбасының мемлекеттік бағдарламасы, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы, біздер жұмысшы мамандарын даярлауға да белсене атсалысып келеміз.