$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қостанайда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты

23.05.2026ж. 16:33
Қостанайда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты
Фото: gov.kz

Қостанайда жолаушылар автобусы мен Toyota Alphard соқтығысты.

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша автобус жүргізушісі кері бұрылу кезінде Toyota Alphard көлігіне жол бермей, салдарынан жол апаты болған. Салдарынан екі көліктің де жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста жолаушылар болмаған.

Оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.