$458.13 €502.29 ₽5.58

Құрылтай Төрағасы мәслихат сайлауында дауыс берді

Құрылтай Төрағасы мәслихат сайлауында дауыс берді
Құрылтайдың баспасөз қызметі

Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай елордадағы мектептердің бірінде орналасқан сайлау учаскесіне барып, мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Astana TV Құрылтайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін еліміздің барлық өңірінде азаматтар барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлап жатыр. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихат депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша, ал аудандар мен қалалардың мәслихат депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Бұл – жаңа Конституция қабылданғаннан кейін жергілікті өкілді органдарға өткізіліп отырған алғашқы сайлау.