$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттық 16%-ға өскен

AstanaTV
25.05.2026ж. 19:00
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттық 16%-ға өскен

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттық биыл алғашқы үш айда 16%-ға өскен. Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ нарықтағы жеңілдіктер екі елдің арасындағы тауар алмасуды айтарлықтай жандандырып отыр. Ресей бізге мұнай-газ өнімдерімен қатар, күнделікті тұтынатын қант, шоколад пен өсімдік майы сияқты дайын азық-түлікті көптеп жеткізеді. Ал біздің отандық кәсіпорындар көрші нарыққа көбіне болат пен мырыш сияқты металл өнімдерін сатады. Соңғы уақытта бізден де дайын өнімдер, яғни косметика мен техникалық бөлшектер экспорттала бастады.

САЯН СҰҢҒАТОВ, QAZTRADE САУДА САЯСАТЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА САРАПШЫСЫ:

Ресей Қазақстанның сыртқы саудасындағы негізгі серіктес болып қала береді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында екі ел арасындағы тауар айналымы 6,5 млрд долларды құрап, 16%-ға өсті. Құрамында импорт басым, оның үлесі 70%-дан асады. Импорт көлемі 28%-ға артып, 5 млрд долларға жетті. Сонымен бірге Қазақстанның Ресейге экспорты 12%-ға төмендеп, 1,5 млрд долларды құрады.