$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырау облысында қатарластарын аяусыз тепкілеген жасөспірімдер ішкі істер органының есебіне алынды

Атырау облысында қатарластарын аяусыз тепкілеген жасөспірімдер ішкі істер органының есебіне алынды

Атырау облысында жасөспірімдер қатарласын аяусыз тепкілеген. Оқушылар арасындағы қатыгез оқиға  Жылыой ауданында болған.  № 23 орта мектептің 4 оқушысы  өзге мектепте оқитын ағайынды 2 баланы  асқан қатыгездікпен ұрып-соққан. Олардың   өздерін қорғай алмай құлап жатқанын біле тұра соққыны жалғастырып,   кезек-кезек тепкілейді.  Бейәдеп, боқтық сөздермен тілдеп,  жұдырық жұмсағандар  - сегізінші  сыныптың оқушылары. Жәбірленушілер дәрігер көмегіне жүгінбеген,  полицияға шағымданбаған. Жасөспірімдер ішкі істер органының есебіне алынды. Ал ата-аналарына айыппұл салынды.

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жинақталған материалдар тиісті  шара қабылдау үшін кәселетке толмағандардың істері  және олардың құқықтарын  қорғау жөніндегі  комиссияға жолданды.  Сонымен қатар олардың ата-аналарына  балалаларды тәрбиелеу  мәндеттерін  тиісінше орындамағандары үшін  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.