Бүгін мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Биыл оқу жылын 3 млн 900 мыңнан астам оқушы аяқтады. Оның ішінде 11-сыныпты бітіріп жатқан 215 мың түлек бар. Алтын ұя мектебімен қоштасатындардың 18 мыңы "үздік" атануға талаптанып отыр. Ал 9-сыныпты аяқтайтын 31 мың оқушы қызыл аттестаттан үмітті. Жалпы елдегі білім беру ұйымдарында 420 мыңнан астам педагог еңбек етіп жүр.