$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«ҰБТ-да әлі 140 балл тіркелген жоқ»: Сарапшы түсіндірді

26.05.2026ж. 23:45
«ҰБТ-да әлі 140 балл тіркелген жоқ»: Сарапшы түсіндірді
Фото: Ұлан

Бұл туралы «Ашық алаң» бағдарламасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК директорының орынбасары Наужан Дидарбекова айтты.

«10 мамырда басталған ҰБТ нәтижесі бойынша 5 пәнді тапсырып, 140 балл алған оқушы әлі күнге дейін тіркелген жоқ. Ең жоғары балл – 138 балл. Ал енді әлеуметтік желілердегі 140 балл алды деген жарнамалар мен ақпаратқа қатысты айтарымыз: балаларда SAT немесе IELTS сертификаты болуы мүмкін, сол сертификат нәтижесі конвертацияланған кезде нәтиже 140 балға айналуы мүмкін. CIT сертификатын Ұлттық тестілеу орталығы тексеріп, конвертация жасайды. IELTS сертификатын ЖОО комиссиясы мемлекеттік білім беру грантының конкурсын өткізу кезінде есепке алады», - дейді сарапшы.